Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі әйелді ұрып-соққан»: Данияр Елеусіновтің әйеліне сот үкімі шықты Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді «Аздап таяққа сүйеніп жүрген кезі»: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы жазды Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты «Екі әйелді ұрып-соққан»: Данияр Елеусіновтің әйеліне сот үкімі шықты Президент Тоқаев Омбыға ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысуға келді «Аздап таяққа сүйеніп жүрген кезі»: Мұхтар Ниязов Жүрсін Ерман туралы жазды Шымкентте ер адамды экскаватор басып кетті Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – сарапшы Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты

    «Жабырқасам – Мәдиімсің, сағынғанда – Сағиымсың»: Асанәлі Әшімов сахнада ұлына ән арнап, көпті жылатты (ВИДЕО)

    «Жабырқасам – Мәдиімсің, сағынғанда – Сағиымсың»: Асанәлі Әшімов сахнада ұлына ән арнап, көпті жылатты (ВИДЕО)

    «Әшімов» театры желідегі парақшасына жантебірентерлік видео жариялады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Видеодан қойылымнан кейін Асанәлі Әшімовтің ән айтқанын, жанына ұлы келіп қосылғанын байқауға болады.

    «Бұл жай ғана қойылым емес. Бұл — махаббат пен мұңның, жеңіс пен жоғалутдың, өнер мен өмірдің тоғысқан тақтасы», — деп жазды театр парақшасы.

    Асанәлі Әшімов жанына соңынан ерген ұлын шақырып, «Жан балам» әнін орындайды.

    «Ұғатын әке жанын сәбиімсің,

    Жан балам, жабырқасам — Мәдиімсің

    Сүйетін сағынғанда — Сағиымсың», — делінген әннің мәтінінде.

    Желі қолданушылары аңыз актердің бұл орындауын ерекше толқыныспен қабылдады.

    «Аталатсаң аталат, боталатпа, деп бекер айтпайды ғой», «Екеуіңіз де аман болыңыздар», «Көңілім босап, жылап алдым», «Сағи аман болғанда өзіңізден оза туған ұл болатын еді», «Әкенің жоқтауы қандай зарлы, иә», «Жылаттыңыз ғой», — деп жазды олар. 

    Айта кетейік, видео 22-сәуір күні Атырауда өткен «Тағдыр тақтасы» драмасынан үзінді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →