Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Қатарластарың хиджаб киіп кетті»: Мадинаның ашық образы талқыға түсті (ВИДЕО)

    «Қатарластарың хиджаб киіп кетті»: Мадинаның ашық образы талқыға түсті (ВИДЕО)
    Фото: @sadvakasovamadina

    Жақында Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парағына жаңадан видео жүктеді. Видеоға пікір жазған желі қолданушыларының сөзінше, бұл – әнші Мадина Сәдуақасованың жаңа бейнебаяны, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Мұнда ол:

    «Сен маған уәде бергенсің,
    Сыбырлап құлағыма.
    Барайық айтқан екенсің,
    Сенімен кездесу бағына.

    Күнде-күнде жаным деген сөзің дәру,
    Сенің ғана құшағыңнан жылу алу.
    Бақытқа апаратын ғашықтардың қаласына,
    Өзіңмен қол ұстасып бірге бару» дейтін әнді орындап тұр.

    Сонымен қатар әншінің бұл әніне таңғалып жатқан жұрттың қарасы да қалың тәрізді.

     

    «Іші де, сырты да жас. Өзіңізбен қатарлылар хиджаб киіп кетті, ал сіз жайқала беріңіз, Мадина», «Мадикош, клип құтты болсын! Әнің домбыраның үнімен, сыңғырлаған даусың бірге үйлесіп тұр деп тағы айтамын», – деп жазып жатыр оның қолдаушылары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →