Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді 29 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді 29 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті

    Жетібай кен орнында жұмысшы қаза тапты

    Жетібай кен орнында дәнекерлеу жұмыстары кезінде бір азамат қаза тауып, екіншісі жараланды, деп хабарлайды Qazaq.today Mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

    «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында («Великая Стена» БК ЖШС (Бұрғылау бригадасы ХДЕС — №56) жазатайым оқиға орын алды.

    «Алдын ала деректер бойынша «Жетібаймұнайгаз» ӨБ № 5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС ХДЕС-56 бригадасы) монтаждау жұмыстарын жүргізді, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Газбен дәнекерлеуші, ҚР азаматы, оқиға орнында қайтыс болды.

    Бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді»,-делінген хабарламада.

    Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

    «Сондай-ақ, «Великая Стена» БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, осы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді»,-деп жазылған хабарламада.

    Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек Басқармасы басшылық ететін комиссия құрылуда. Жазатайым оқиғаны тергеуді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады.

    Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →