Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады

    Алматы облысында көлге ау салған екі жігіт сотталатын болды

    Алматы облысында көлге ау салған екі жігіт сотталатын болды

    Алматы облысында екі адам екі қап балық аулаймын деп үстерінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы облысында табиғатты қорғау полициясы «Уылдырық» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған Түрген ауылының екі тұрғынын ұстады.

    «Анықталғандай, 38 және 37 жастағы азаматтар уылдырық шашу кезеңіне белгіленген тыйымды елемей, су биоресурстарын заңсыз аулап, экожүйеге елеулі залал келтірген. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 568 973 теңгені құрады. Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады табиғатты қорғау полициясы.

    Браконьерлер Жарасу ауылы маңындағы Іле-Қапшағай су қоймасы жағалауында ұсталды. Mitsubishi Pajero автокөлігін тексеру кезінде полиция қызметкерлері 121 келі салмақты әртүрлі балық түрлерінен тұратын екі қапты анықтады. Сондай-ақ, қытайда өндірілетін, тыйым салынған 100 метрлік ау құралдары мен үрлемелі резеңке қайық тәркіленді.

    Полиция уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға қатаң тыйым салынатынын еске салады. Бұл шара су биоресурстарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында енгізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →