Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • «Менімен алысқанша төрешілермен алысыңдар»: Аслан Қаженов өткір мәлімдеме жасады • Әлемді шайқап жүрген боксшы қыздар Азиададан мүлдем алтынсыз қалды • Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты • Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • «Менімен алысқанша төрешілермен алысыңдар»: Аслан Қаженов өткір мәлімдеме жасады • Әлемді шайқап жүрген боксшы қыздар Азиададан мүлдем алтынсыз қалды • Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты • Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды •

    Каспий теңізіне 300 литр дизель отыны төгілген

    Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, Түпқараған ауданы Аташ елдімекені аумағында «Батыс Мұнай Транс» ЖШС жанында тұрған «КАНТА» кемесінен теңізге шамамен 300 литрдей ұзын жолақ дизелдік отын төгілгендігі анықталып, Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бөлімінің мамандарымен судан сынамасы алынды. Тұрғындардың айтуы бойынша, аталмыш жағдай «Батыс Мұнай Транс» ЖШС тиесілі кемеден орын алған.

    «Маңғыстау облысының экология департаментінің маманы Д.Шалқарбаев, Баутин ауылының әкімі Е.Жеткізгенов, Түпқараған аудандық «Адалдық алаңы» филиалының жетекшісі Д. Акимжанов, Түпқараған аудандық мәслихат депутаты И. Боран және қоғамдық кеңес мүшелері оқиға орын алған жерге таңертең 10:10 уақытында барған. Аудандық ішкі істер бөліміне (102) хабарланды»,-делінген хабарламада.

    Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 144-4 бабына сәйкес тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

     

    Qazaq.today

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →