Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды •

    «Қорқынышты гуіл естілді, күйік иісі сезілді»: Ақтаудан Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы кері қайтты

    «Қорқынышты гуіл естілді, күйік иісі сезілді»: Ақтаудан Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы кері қайтты

    Air Astana әуе компаниясының Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан рейсі қозғалтқыштағы ақауға байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта оралды. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Салонда жарық сөніп, қорқынышты гуіл естілді, күйік иісі сезілді. Бортсеріктер айтарлықтай қобалжып, ары-бері жүгіріп жүрді. Не болып жатқанын түсінбеген жолаушылар бір-біріне қарап, үнсіз отырды», – деп жазды жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде.

    Оның айтуынша, экипаж командирі қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлап, ұшақтың Ақтауға қайта оралатынын айтқан.

    Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 8 наурызда Ақтау – Алматы бағытындағы KC 868 рейсі ұшып шыққан әуежайына қайтып оралған.

    «Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге байланысты оны өшіріп, талапқа сәйкес әрекет етті. Ұшақ Ақтауға сәтті қонды. Жолаушылар әуе компаниялар тобының резервтік ұшағымен жеткізілді» – деп хабарлады әуе компаниясы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →