Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті •

    Жаңаөзендегі жарылыс: мешіттегі өрттен зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы ауыр

    Жаңаөзендегі жарылыс: мешіттегі өрттен зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы ауыр

    Фото: видеодан скриншот

    Жаңаөзенде Шаңырақ шағын ауданындағы мешітте кілем өртенді. Салдарынан жасөспірімнің денесін күйік шалып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 17:54-те қалалық мешіттің аумағында болған.

    “Жаңадан салынған қалалық мешіт дәлізінде жатқан 40 шаршы метрлік кілем өртенді. Жалпы ауданы – 350 шаршы метр. Өрт сағат 18:10-да түгелдей сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді департамент.

    Өрт кезінде 12 жастағы бала зардап шекті. Баланың екі құлағы, беті, мойны, екі қолы мен бел аймағы және жоғарғы тыныс алу жолдары I-II-III дәрежеде термикалық күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың денесінің 15-17%-ы күйіп қалған.

    “Қазір баланың жалпы жағдайы ауыр. Жағдайы айтарлықтай жақсарып жатқан жоқ. Шокқа қарсы инфузиялық терапия енгізіледі”, – деді Жаңаөзендегі қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →