Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды •

    Футболдан Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

    Футболдан Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

    Фото: ПФЛК

    Футболдан 2025 жылғы Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жеребе тарту рәсімі Sport+ арнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Іс-шараны Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, спорт журналисті Нұрсұлтан Құрман жүргізді.

    Қазақстан Кубогы ережесі бойынша жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңге бірінші және екінші лигадағы клубтар қатысады. Бірінші іріктеу кезеңі 15-23 наурыз аралығында Алматы қаласында өтеді. 16 команда екі топқа бөлініп “Хан-Тәңірі” және Эстафий Пехлеваниди академиясының стадиондарында ойнайды. Жеребе қорытындысы бойынша клубтар Қазақстан Кубогының 1/8 финалға жолдама алу үшін бақ сынайды.

    Олай болса, алғашқы кезеңдегі жеребе нәтижесі төмендегідей:

    1 топ

    «Тараз» – «Талас»
    «Хан-Тенгри» – «Арыс»
    «Алтай» – «Жетісай»
    «Екібастұз» – «Мақтаарал»

    2 топ

    «Ертіс» – «Шахтер»
    «Түркістан» – «SD Family»
    «Жас Қыран» – AKAS
    «Каспий» – «Оңтүстік»

    Ойын нәтижесінде әр топтың жеңімпаздары 1/8 финалға өтеді. Жарыстың екінші кезеңінде 2025 жылы Премьер лигада өнер көрсететін 14 команда қосылады.

    Ендеше, 1/8 финалдың екінші кезеңіндегі жеребе нәтижесі:

    «Қызылжар» – «Қайсар»
    «Ұлытау» – «Елім-ай»
    Алғашқы кезең жеңімпазы – «Ордабасы»
    «Қайрат» – Алғашқы кезең жеңімпазы
    «Тұран» – «Атырау»
    «Тобыл» – «Жетісу»
    «Жеңіс» – «Ақтөбе»
    «Оқжетпес» – «Астана»

    Айта кетейік, 1/8 финал матчтары сәуір айының 12-13 күндері өтеді.

    Еске салайық, Қазақстан Кубогының жеңімпазы келесі жылы өтетін УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде еліміздің атынан өнер көрсетуге жолдама алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →