Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ  • Байларға салық көбейіп, кәсіпкерлерге тексеру азая ма? • Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ • Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті? • Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр • Пауэрбанк жарылуы: Қауіпті белгілер мен сақтану жолдары • Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ  • Байларға салық көбейіп, кәсіпкерлерге тексеру азая ма? • Жезқазған жолдары үгітіліп жатыр: Әкім ауысса да, ахуал өзгерген жоқ • Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті? • Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр • Пауэрбанк жарылуы: Қауіпті белгілер мен сақтану жолдары •

    Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионы атанды

    Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионы атанды

    Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    +92 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Оралбай финалда қытайлық Абудурешити Ремуламен кездесу өткізді. Нәтижесінде Айбек Оралбай Қытай боксшысын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді. Айбек Оралбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Қазақстан ерлер құрамасы бұл Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде еншіледі. Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.

    Естеріңізге сала кетейік, Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы турнирдің медальдар есебінде көш бастады. Қазақстанның әйелдер құрамасының боксшылары 5 алтын, 5 қола жүлде жеңіп алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →