Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Қостанай облысында 5 жасар баланы өлтірген ұсталды • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты •

    «Әскерді кінәламаймын»: Ақтөбеде өзін атып өлтірген сарбаздың анасы үндеу жолдады

    «Әскерді кінәламаймын»: Ақтөбеде өзін атып өлтірген сарбаздың анасы үндеу жолдады

    Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде өзін атып өлтірген сарбаздың анасы қазақстандықтарға видеоүндеу жолдап, әскердегілерді кінәламауды сұрады.

    Ирина Боровецтің айтуынша, ұлы әскерде қысым көрмеген.

    “Ол сәуірден бастап әскери міндетін орындауға кетті. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр, сол жақтағылар шешеді деп ойлаймын”, – деді ана.

    Ол әскерде жүрген балаға жағымсыз жаңалықтар айтып, ойын бөлмеуді сұрайды.

    «Менің ұлым жақсы қызмет етті және үнемі қоңырау шалып, сондағы жағдайларды айтып беріп отырды. Менің әскерге шағымым жоқ. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды жаман жайттардан қорғаңыздар, басын жаман жаңалықпен ауыртпаңыздар, алаңсыз борышын өтесін», – деді Боровец.

    Сонымен қатар ол ұлының өз-өзіне қол жұмсауына әскер кінәлі деген жалған қауесет таратпауды өтінді.

    Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтіргені айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →