Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • Threads арқылы билеттер сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді • Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевті жылатып қойды (ВИДЕО) •

    «Тұрсен декрет демалысында отыр»: Баян Мақсатқызы қыздарын қалай өсіріп жатқанын айтты

    «Тұрсен декрет демалысында отыр»: Баян Мақсатқызы қыздарын қалай өсіріп жатқанын айтты

    50 жасында екі мәрте ана атанған Баян Мақсатқызы қыздарын қалай өсіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Өнер иесі ешқашан декрет демалысына шықпағанын мойындады.

    “Бала туып, үйде отыратын әйелдерді түсінбеймін. Олар үнемі шаршап жүреді. Бала мен күйеудің жағдайы немесе үйдің тірлігінен қолдары босамайды. Менің балаларым ешқашанда мазамды алған емес. Түнімен ұйықтамай, болмаса жылап, мазалаған емес. Екі қызымды туғанда да декретте отырған емеспін. Қазір Тұрсен декрет демалысында отыр. Ол тіпті үйден шықпайды. Алғашқы 15 күн мүлдем үйден шықпай қойды. Ал мен екінші күні киноға түсіп кеттім. Менің амалым болмады. Ол үнемі қорған болғысы келеді. Барлық әкелік қасиеттерін көрсетіп жатыр. Біресе әңгіме айтады, біресе әзілдеп қояды. «Олар менің әкесі екенімді білуі керек, иісімді, дауысымды тануы керек» деген уайыммен жүреді», – деп ағынан жарылды продюсер.

    Сондай-ақ, жолдасының бала күтушілерге қойылатын талабының қатал екенін де айтып берді.

    “Тұрсен әлі маска тағып жүр. “Маскасыз жүрсең, қыздар сені танымай қалады” деп қалжыңдап қоямын. Үйде кішкентай монитор бар. Сол жерде қыздарымыздың бөлмесі көрініп тұрады. Түні бойы соларға қарап жатады. Жауапкершілігі мол адам. Ол тіпті қызымызды бесікте қатты шайқаған күтушіні жұмыстан шығарып жіберді», – деді Баян Мақсатқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →