Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтын Шагаева Астанадағы әлем чемпионатында медальсыз қалды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды • Алтын Шагаева Астанадағы әлем чемпионатында медальсыз қалды • Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды • Жамбыл облысында ұрылар 400-ге жуық малды айдап кеткен • Тоқаевтың сынынан кейін тасжолдардағы жүк көліктеріне тексеріс күшейді • Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерін реттейтін заң күшіне енді • Асханасы лас, аспазшылары ауру: Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды •

    Алмасбек Садырбайдың ұсталуына қатысымыз жоқ — Айдарбек Сапаров

    Алмасбек Садырбайдың ұсталуына қатысымыз жоқ — Айдарбек Сапаров

    Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың ұсталуына министрліктің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты.

    «Біздің қатысымыз жоқ. Ол ауыл шаруашылығы қызметкері емес. Құқық қорғау органдары оны ұстаса, неге ұстағанын өздері де білетін шығар», — деді Сапаров.

    Министрдің айтуынша, 2023 жылдан бастап субсидияны облыстар береді, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі тек ережені қабылдайды.

    «Субсидия алатын адам өтініш бергенде құжатқа «Жауапкершілікті мойныма аламын» деп қол қояды. Сондықтан Алмасбек Садырбайдың неге ұсталғанына пікір білдіре алмаймын, оны білмеймін», — деп толықтырды министр.

    Еске сала кетейік, бұған дейін фермер Алмасбек Садырбай ұсталғанын және Қаржы мониторингі агенттігі оны 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →