Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды •

    Енді көліктің тарихын eGov.kz порталынан тексеруге болады

    Енді көліктің тарихын eGov.kz порталынан тексеруге болады

    Фото: Pixabay 

    Egov.kz порталында көліктің тарихын тексеру сервисі іске қосылды. Енді қазақстандықтар “Көліктің тарихы” сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексере алады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл қызметтің көлік сатып аларда тигізер пайдасы көп. Яғни, пайдаланушыға әлеуетті сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға көмектеседі және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар проблемалардан сақтайды. Көлікті тексеру үшін сатушыдан оның мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін біліп алу қажет.

    “Көліктің тарихы” сервисінен мынадай ақпарат ала аласыз:

    • Автомобиль маркасының атауы және шығарылған жылы;
    • Қозғалтқыштың көлемі, шанақтың түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
    • Қазақстан аумағында автокөлікті алғаш тіркеген күні;
    • Меншік иелері туралы дербес деректерді көрсетпей-ақ, автокөлікті қайта тіркеу күндері бар алдыңғы иелердің жалпы саны;
    • Көлік құралына кепілдің немесе ауыртпалықтың болуы.

    Автокөлік туралы ақпарат алу үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік тарихы» сервисіне өтесіз. Кейін «Автомобильдің мемлекеттік нөмірі (МТНБ)» және «Автокөлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін (КҚТК)» енгізесіз. Сонда көлік туралы ақпарат шығады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →