Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 21 тамыз 2026 $ 461,3 538,8 5,49
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Саят Исембаев Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады Мөлдір Мұқанова жаңа әнімен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды Бразилияда тоғыз жасар қыз төрт сағат бойы тоқтаусыз күліп, ауруханаға түсті Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді Саят Исембаев Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады Мөлдір Мұқанова жаңа әнімен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды Бразилияда тоғыз жасар қыз төрт сағат бойы тоқтаусыз күліп, ауруханаға түсті Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді

    Ұзақ ұйықтайтындар ұнатпайды – Вице-премьер Роман Скляр бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты

    Ұзақ ұйықтайтындар ұнатпайды – Вице-премьер Роман Скляр бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты

    Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздегі бірыңғай сағат белдеуін енгізуге орай қазақстандықтардың шағымына қатысты пікір білдірді.

    Үкімет отырысында журналистер Қазақстанның бұрынғы уақыт белдеуіне қайтуы қаншалықты мүмкін екенін сұрап,  халықтың басым көпшілігі бұрынғы уақытты аңсайтынын айтты.

    “Бұл әрине, маңызды сұрақ. Қоғамның басқа бір бөлігі, керісінше, жаңа уақыт белдеуін құптайды. Мысалы Ташкент пен Шымкент жақын орналасқан, соған қарамастан ол жерде бір сағаттық айырмашылық болды, ал қазір уақыт айырмашылығы жоқ. Олар да біз сияқты уақыт белдеуінде өмір сүрді, ешкім ренжіген жоқ. Бұл кейбіреулер үшін қолайлы, ал басқасына қолайлы емес.

    Ал жеке өзіме келсек, мен өте ерте тұрып үйренгенмін, сол үшін маған ұнайды. Менің кейбір достарым ұзақ ұйықтайтындықтан, ұнатпайды, басқалары, керісінше, ұнатады. Яғни, бұл жерде әлі де барлық оң және теріс жағын таразылау керек», – деді Роман Скляр.

    Ол бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін әлі де бақылау қажет деп санайды.

    Еске салсақ, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты.

    1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығындалатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағат артық пайдаланған.

    Бұған дейін бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →