Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды •

    Ішінде 3 жасар бала болған: Петропавлда жеке үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

    Ішінде 3 жасар бала болған: Петропавлда жеке үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

    Фото: Stan.kz

    Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам тірідей жанып кеті. Қаза болғандардың арасында үш жасар бала болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Қайғылы оқиға Петропавлдағы Жұмысшы кентінде қазанның 5-нен 6-на қараған түні сағат 03:16-да болған. Өрт ескі «жазғы үйде» басталған. Кейін тілсіз жау жақын орналасқан тағы бір баспана мен көрші үйдің қорасына ауысқан», — деп хабарлайды облыстық ТЖД.

    Қызыл жалын 84 шаршы метр аумақты шарпып өткен. Өрттің себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

     «Тілсіз жаумен 20 адам күрескен. Тағы алты техника жұмылдырылды. Өрт 04:12-де оқшауланып, 05:29-да толығымен сөндірілді. Отты сөндіру барысында 2021 жылы туған қыз баланың, 1979 жылы туған ер адамның және 1985 жылы туған әйел адамның мәйіттері табылды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →