Қанды қылмыстан соң жігіт өзіне де қол салған. Облыстық полиция департаменті адам шошырлық оқианы растады. Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.