Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 21 тамыз 2026 $ 461,3 538,8 5,49
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Саят Исембаев Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады Мөлдір Мұқанова жаңа әнімен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды Бразилияда тоғыз жасар қыз төрт сағат бойы тоқтаусыз күліп, ауруханаға түсті Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді Саят Исембаев Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады Мөлдір Мұқанова жаңа әнімен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударды Бразилияда тоғыз жасар қыз төрт сағат бойы тоқтаусыз күліп, ауруханаға түсті Қытайлық Bilibili видеохостингі халықаралық нарыққа шығады Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Хуэйчжоуда үш медаль жеңіп алды Қарағандыда екі баланың анасы өлі табылды: туыстары суицид нұсқасына сенбейді

    АЭС құрылысы: Референдум нәтижелері белгілі бола бастады

    АЭС құрылысы: Референдум нәтижелері белгілі бола бастады

    Референдум нәтижесі шамамен белгілі. Экзит пол бойынша халықтың 70 пайызға жуығы “иә” деп дауыс беріпті. Ал, Amanat партиясының Қоғамдық саяси институты халықтың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдады дейді. Бұл сауалнамаға 300 ден астам сайлау бөлімшесіндегі 44 мыңнан астам дауыс беруші қатысқан. Көп жағдайда ресми хаттама мен экзит пол нәтижесі сәйкес келіп жатады. Сондықтан орталық сайлау комиссиясының ресми дерегін күту ғана қалды.

    Меніңше, бұл жолығы референдумда халықтың белсенділігі жақсы болды. Қызылорда облысы тіпті лидер. Ал, Алматылықтардың тек төрттен бірі дауыс беруге барған.

    Президент айтқандай АЭС-ті консорциум салуы әбден мүмкін. Бұл болжамды бір жыл бұрын жазып едім. Енді тағы бір долбар айтайын. АЭС құрылысына шорт парақтағы төрт ел де
    қатысуы мүмкін. Яғни, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресей бірлесіп салатын сияқты.

    Мамандар 2029 жылдан бастап энергия тапшылығы сезіле бастайды дейді. Ал ол уақытта біз АЭС-тің тек фундаментін құйып жатамыз. Өйткені жобалық сметасын жасауға бес жыл керек екен. Ал толық аяқтауға 15 жыл қажет. Сондықтан бүгінгі шешімнің нәтижесін тек 2040 жылға қарай көре бастаймыз. АЭС тақырыбы бүгінмен біткен жоқ. Енді ғана басталды деуге болады.

    Диас Нұрақын, журналист

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →