Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты • Астанада мас ер адам қария мен оны қорғаған әйелге шабуыл жасады • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты • Астанада мас ер адам қария мен оны қорғаған әйелге шабуыл жасады •

    Елімізде референдум учаскелері жұмысын аяқтады

    Елімізде референдум учаскелері жұмысын аяқтады

    Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум аяқталды.

     

    Бүгін таңғы сағат 7.00-де елімізде 10 мың 323 референдум учаскесі ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жүргізілді.

     

    Қазақстандағы 84 референдум учаске жұмысын таңғы 6.00-де бастады. Мұнда көбінесе әскерилер мен вахталық әдіс бойынша жұмыс істейтіндер дауыс берді.

     

    Сондай-ақ 59 мемлекетте 74 учаске жұмыс істеді. Сайлаушылар тізімінде 12 млн 233 мыңнан аса қазақстандық болды.

    Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Ливан, Иран және Израильдегі қазақстандықтар дауыс бере алмады.

     

    Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, бүгін кешкі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-ы дауыс берді.

     

    Айта кетейік, референдум нәтижесі дауыс беру күнінен бастап 7 күннен кешіктірілмей БАҚ-та жарияланады.

    Сондай-ақ референдум сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысқан кезде өтті деп саналады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →