Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 5 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Майра Мұхамедқызы «Қазақты мойындата алмағаныма өкінемін» деді Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Майра Мұхамедқызы «Қазақты мойындата алмағаныма өкінемін» деді Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты

    Тойда шетелдік әнді нақышына келтіріп орындаған әйел көпшілікті таңдай қақтырды (видео)

    Тойда шетелдік әнді нақышына келтіріп орындаған әйел көпшілікті таңдай қақтырды (видео)

    61 жастағы зейнеткер тойда танымал “Gangsta’s Paradise” әнін орындап, жұртты таңғалдырды.

    Фото: Видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде жастардың қуанышында Coolio есімді шетелдік әншінің “Gangsta’s Paradise” хит әнді орындап, құттықтау жолдаған Мейрамгүл Ходжашеваның видеосы тарады. Зейнеткер мүдірместен әндегі рэп партиясын нақышына келтіріп орындады. Әйелдің рэп орындаған видеосы әлеуметтік желіде 5 миллионнан астам қаралым жинаған.

    Зейнеткердің харизмасы да көпшілікті бей-жай қалдырмады. Тойға жиналған қауым да, қалыңдық пен күйеу жігіт те, тіпті асабалар да әйелге қолдау білдіріп, ортаға шықты.

    Видеоны көрген жел қолданушылары да таңданысын жасыра алмады.

    “Керемет, жарайсыз”, “Ғажап! Бұл әнді айту үшін де дұрыс дем ала білу керек”, “Таңғалдым, мұндай сұлу келіншекті “апа” деуге ауыз бармайды”, “Say Mo қартайған кезде”, “Apa cent”, “Керемет айтып шықты”, “Мұндай қиын әнді нақышына келтіріп айтып шығу өнер”, “Әпкем 90-жылдары көшені ұстаған-ау”, “Міне деңгей”, “Неткен өнер мен рух”, – деп жазды желідегілер.

    Мейрамгүл Ходжашева жастардың қуанышына қонақ болып келіп, өнер көрсеткен екен.

    @salamat.orynbaev #рек ♬ оригинальный звук — Salamat.Orynbaev

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →