Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • -8 градусқа дейін аяз: 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамы

    -8 градусқа дейін аяз: 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамы

    «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады.

    Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жаңбырлы болады.

    Кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді, ауа салқындайды және негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

    Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

    3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

    Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

    Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы -2-8 градус аязға дейін төмендейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →