Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Депрессияда жүрмін»: Жахан Отарғаливетің үшінші әйелі жазбасымен елді алаңдатып қойды Францияда аптап ыстыққа байланысты үш атом реакторының жұмысы тоқтатылды Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді «Депрессияда жүрмін»: Жахан Отарғаливетің үшінші әйелі жазбасымен елді алаңдатып қойды Францияда аптап ыстыққа байланысты үш атом реакторының жұмысы тоқтатылды Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді

Футзал: Бүгін Ұлттық құрама Аргентина футболшыларымен кездеседі

Футзал: Бүгін Ұлттық құрама Аргентина футболшыларымен кездеседі

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында 2016 жылғы жаһандық доданың жеңімпазы – Аргентина футзалшыларымен ойнайды. Матч елорда уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойын Ташкенттегі «Хумо Арена» спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамаларымен D тобында ойнады. Үш турда 7 ұпай жинап, топтан екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Португалия құрамасынан басым түсіп (2:1), ширек финалға жолдама алды.

Аргентина футзалшылары С тобында Украина, Ауғанстан және Ангола құрамаларымен сынға түсіп, 9 ұпаймен өз тобында көш бастады. Ал плей-офф кезеңінде Хорватияны 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалда Қазақстанға қарсылас атанды.

Қазақстан мен Аргентина футзалшылары бүгінге дейін екі мәрте кездесіп, екі құрама бір-бір мәртеден жеңіске жеткен. 2016 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында аргентиналықтар 1:0 есебімен жеңіске жетсе, жуырда ғана Алматыда ұйымдастырылған жолдастық кездесуде біздің жігіттер 3:2 есебімен басым түсті.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері (1999, 2000). 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында 4-орын алды. Сондай-ақ қатарынан төртінші мәрте әлем чемпионатына қатысып келеді (2000, 2016, 2021 және 2024).

Өзбекстандағы әлем чемпионатының қалған ойындары: жартылай финал матчтары 1 және 2 қазанға жоспарланған. Ал 3-орын үшін және финал кездесуі 6 қазанда өтеді.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →