Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Газ отыны: үнемдеу ме, әлде қосымша шығын ба? Арыста әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі дүмпуі тіркелді Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді Берлинде өтетін WTT Feeder турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі Алматы облысында дзюдодан ірі халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті ҚазҰУ ғалымдары қазақ тіліне арналған ірі тілдік модельдер жобасын аяқтауда Газ отыны: үнемдеу ме, әлде қосымша шығын ба?

    Жанқош Тұраровтың 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген боксшыға қарсы жекпе-жегі өтпейді

    Жанқош Тұраровтың 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген боксшыға қарсы жекпе-жегі өтпейді

     

    Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсететін Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды.

    Фото: instagram.com/zhankoshturarov 

    WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған Жанқош Тұраровтың алдағы жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген Хесус Пинтоға қарсы жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ боксшы жарақат алып қалғанын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

    «Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын», — деді Тұраров.

    Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде  жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →