Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ауа райы ескертуі жасалды Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты

Жалғас Жұмағұлов жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегі қашан және қайда өтетінін айтты

Жалғас Жұмағұлов жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегі қашан және қайда өтетінін айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (16-9) Oktagon промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегі қашан және қайда болатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Oktagon промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол Instagram желісіндегі ресми парақшасында жекпе-жегінің болатын күні мен орнын жариялады.

«Күні белгілі, қарсылас бар, 9 қараша, Словакия», — деді ол Instagram желісіндегі Stories-ке жариялаған видеосында.

17 қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов өзінің мансабын Оktagon промоушенінде жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Осыған дейін ол UFC промоушенінде бақ сынаған. Қазақстандық файтер бұл промоушенде 7 кездесу өткізіп, 1 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін биыл 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өткізген болатын. Сол кездесуде ол америкалық спортшы Кливленд Маклинді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп шықты.

Фото: UFC

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →