Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Келесі жылы студенттердің шәкіртақысы өседі

    Келесі жылы студенттердің шәкіртақысы өседі

    Жаңа жылдан бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақысы 15-20 пайызға өседі. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Нәтижесінде стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін 117 098 теңгені құрайды», — деді ол.

    Сонымен қатар келесі жылы гранттар саны 2 500 орынға артады. Осылайша қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы шамамен 78 мың білім гранты бөлінеді.

    Фото: Pixabay.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →