Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады •

    «Реал Мадридтің» ойыны кезінде алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер түрмеге отыруы мүмкін

    «Реал Мадридтің» ойыны кезінде алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер түрмеге отыруы мүмкін

    Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалында алаңға жүгіріп шыққан жасөспірім жазаланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    1 маусымда Лондондағы «Уэмбли» стадионында Чемпиондар лигасының финалы болған еді. «Реал Мадрид» командасы «Боруссия Дортмунд» клубын 2:0 есебімен жеңіп, 15-мәрте чемпион атанды. Матчтың алғашқы минуттарында 16 жастағы жасөспірім алаңға жүгіріп шыққан болатын. Ол осы әрекеті үшін жазаланды. Сот үкімі бойынша, жасөспірім 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және сот шығындарын өтеуге міндеттелді.

    Ол тергеу барысында Melstroy лақап атымен танымал блогер Андрей Буримнен 300 мың фунт (183 млн теңге) ұтып алу үшін алаңға жүгіріп шыққанын мойындаған. Сондай-ақ футболға қызықпайтынын, бұған дейін матчтарға ешқашан бармағанын айтты.

    «Мен жай ғана қалжыңдағым келді. Осы әрекетім үшін қатты өкінемін. Бұл менің ең пайдасыз шешімім болды деп ойлаймын», — деді жасөспірім сотта.

    Фото: twitter.com/SiaranBolaLive 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →