Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 18 шілде 2026 $ 471,2 539,0 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады Шығыс Қазақстанда ер адам көшеде көз жұмды 47 градусқа дейін ыстық: Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жасалды «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады Шығыс Қазақстанда ер адам көшеде көз жұмды 47 градусқа дейін ыстық: Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жасалды

    «Міндетті емес»: ІІМ ескерту жасады

    «Міндетті емес»: ІІМ ескерту жасады

    Ішкі істер министрлігінде жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасалды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. 

    Ведомство өкілдері соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың полиция қызметкерлерінен жедел-профилактикалық іс-шаралардың өткізілуі туралы құжаттарды талап етіп, олардың жұмысына кедергі келтіру сәттері бейнеленген видеолар жарияланып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

    «Жол жүрісі туралы» заңда және Жол жүрісі қағидаларында көлікті тоқтату кезінде полиция қызметкерлері мен жүргізушілердің іс-қимылының нақты тәртібі айқындалған. Көлікті тоқтату кезінде полиция қызметкері өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетіп, тоқтату себебін түсіндіруі қажет. Жүргізуші өз кезегінде ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті. Ал полиция қызметкері жедел-профилактикалық іс-шараның өткізіліп жатқанын растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті емес, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

    Сондай-ақ комитет төрағасы полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамау, қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның жұмысына кедергі келтіру 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →