Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады • Қазақстан ғылымына 262 млрд теңге бөлінді: Нәтиже неге мардымсыз? • Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Келісім симфониясы» гала-концерті өтті • Парламентте баламалы энергетика туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды • ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді • Алматыда киіз басудың венгр дәстүрі таныстырылды • Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады • Қазақстан ғылымына 262 млрд теңге бөлінді: Нәтиже неге мардымсыз? • Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Келісім симфониясы» гала-концерті өтті • Парламентте баламалы энергетика туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды • ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді • Алматыда киіз басудың венгр дәстүрі таныстырылды •

    Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды

    Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды

    Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Беларусь Республикасы Ұйымның толыққанды мүшесі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Айта кетейік, іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның Мемлекет пен Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысуда.

    Саммитке сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылған.

    ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →