Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек •

    Ақмола облысында алимент төлеуден қасақана жалтарған әкелер сотталды

    Ақмола облысында алимент төлеуден қасақана жалтарған әкелер сотталды

    Фото: articles/krossovki

    Ақмола облысы Астрахан ауданында алимент төлемегені үшін 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарып келген, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    «Р» борышкері 2019 жылдан бастап алимент төлемегені үшін Астрахан аудандық сотының қаулысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Берешек 5 млн теңгеден астам соманы құрады. Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтыруды жалғастырған», — деп хабарлады прокуратура.

    Ал, «Н» борышкеріне ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды.

    Естеріңізге сала кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам орындамағаны үшін ҚК 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →