Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген •

    Алматыда 7 отбасы далада қалды

    Алматыда 7 отбасы далада қалды

    Тілсіз жау түске таман тұтаныпты. Қас-қағым сәтте екінші қабаты отқа оранып, шатыры да лапылдаған. Түтінге тұншыққан тұрғындар өздігінен далаға шыға алмай қалған. Дереу жеткен төтеншеліктер 12 адамды құтқарып қалды. Оның бесеуі — балалар. 

    “Түнде жұмыс істеймін. Қызымды сабақтан сіңілім алып келді. Ұйықтап жатқанмын. Бір кезде сағат 11 жарым 12 шамасында «өртеніп жатыр» деді. Өрт қай жақтан шыққанын білмейміз. Сыртқа қарай шығайын десем ,барлық жер түтін. Терезені тақылдаттық. Өрт сөндірушілер терезені сындырып алып шықты. Төрт баламды, сіңілімді, көршінің екі баласын, тағы төрт адам,” — дейді жатақхана тұрғыны Әсел Жақсылық.

    Жатақханадағы пәтерді 100 мың теңгеге жалдап келген жеті отбасы қазір күлге айналған баспанасына қарап, не істерін білмей отыр. Басым бөлігінің дүние-мүлкі жанып кеткен. Нысанның иесі шығынды өтесін деп талап етуде. Өйткені өрт әбден тозып біткен тоқ жүйесінен пайда болғанына сенімді. 

    “Ішінде бір бөлме толық өртеніп кеткен. Жарамсыз, ішіндегі заттар. Техника, кір жуғыш, теледидар, тоңазытқыш, барлық зат. Судың астында. Үйге кіру мүмкін емес. Соның бәрін өтеп берсін. «100мың теңге, пәтер ақшасын береміз, ары қарай көріңдер» дейді. 100 мың теңгемен мынандай уақытта не істейсің? Үш бала-шағамен қайда барасың?”- деп күйінеді Арайлым Әубәкірова.

    Ал тілшілерді көрген жатақхана иесі қаша жөнелген. Кейін тіпті ағашпен ұрып “басыңды жарып өлтіремін” деп қорқытқан.  

    «Далада қалдық» деген тұрғындар әкімдіктегілерден де көмек сұрапты. Әзірге сараптама қорытындысын күтіп, ары сотқа жүгінуден басқа шарасы жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →