Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады •

    Ауғанстанда су тасқынынан 300-ден аса адам қаза тапты

    Ауғанстанда су тасқынынан 300-ден аса адам қаза тапты

    Ауғанстанның солтүстігіндегі бірнеше провинцияда маусымдық толассыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласып, соның кесірінен 300-ден аса адам қаза тапты.

    БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, 1 мыңнан аса үй қираған, деп хабарлады dw.com. Ал «Талибан» қозғалысының жексенбіде жариялаған дерегіне сүйенсек, сол күні 315 адам көз жұмып, 1 600-ден аса адам ауыр жарақат алған.

    Су тасқыны Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бағлан, Тахар мен Бадахшан провинциясында болған.

    Талибанның табиғи апаттарды басқару министрлігі су тасқыны ел астанасы – Кабул қаласын да айналып өтпегенін хабарлады. Қазір зардап шеккен аймақтарға азық-түлік пен басқа да көмек жіберіліп жатыр. Құтқару топтары жасақталуда.

    Еске сала кетсек, онда сәуір айында толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан кемінде 70 адам қаза тапқан еді.

    Save the Children халықаралық қайырымдылық қорының мәлімдеуінше, су тасқынынан балалар көп зардап шегіп жатыр. Мысалы, Бағлан провинциясында 600 мың адам тұрса, соның тең жартысынан көбі – балалар. Ол жерде 315 мың бала тұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →