Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады •

    Журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты Ақорда пікір білдірді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет», — деп жазды Руслан Желдібай.

    Оның айтуынша, Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті.

    «Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс», — деп толықтырды Р. Желдібай.

    Еске салсақ, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →