Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды

Атырауда немересімен бірге серуендеп жүрген қария Жайық өзеніне батып кетті

Атырауда немересімен бірге серуендеп жүрген ақсақал Жайық өзеніне баиып кетті. Оқыс оқиға 4 желтоқсан күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 20:49-да Атырау қаласының Жұмыскер ауылы тұсында Жайық өзенінде ер адамның мұз ойылып, суға батып кеткені жөнінде шақырту түскен.

Сағат 21:10-да Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерінің күшімен 72 жастағы ер адамның денесі судан шығарылды.

Ол мұз үстімен серуендеп жүрген кезде мұз ойылып, суға батып кеткен. Сонымен қатар, куәгерлердің күшімен оның он жастағы немересі құтқарылып, балалар облыстық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін бала үйіне жіберілді. Су асты іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 3 сүңгуірі мен 1 техникасы жұмылдырылған.

 

«Жайық өзенінің жағасындағы мұздың қалыңдығы небәрі 3-4 см құрайды, ортасында мұз әлі қатып үлгерген жоқ. Сақ болыңыздар! Өз өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер!», — делінген хабарламада.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жұқа мұз үстіне шықпауға шақырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →