Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • БҚО-да фельдшерді балағаттаған тұрғын қамауға алынды

    БҚО-да фельдшерді балағаттаған тұрғын қамауға алынды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Сотта анықталғандай, сотталушы масаң күйде бола тұра медициналық куәландыруды өткізіп жатқан аурухана фельдшерінің ауызша ескертулеріне құлақ аспастан, оны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жұмыс істеуіне кедергі келтірген. Сотта азамат өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

    Жаңақала аудандық соты сотталушының іс-әрекетін саралап, жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескеріп, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →