Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы нөсер: көшелер су астында, жарық сөнді, жел қоршауларды құлатты Шуда теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті Елордада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді Қазақстанда мұнай өндіру КҚК тоқтауынан 21,3%-ға төмендеді «500 мың беремін»: Ерке Есмахан оқырмандарын қызықтырып қойды Жолдағы апатқа кім жауапты: Алматы облысы Елтай округіндегі ойлы-шұңқыр халықтың өміріне қауіп төндіруде Астанадағы нөсер: көшелер су астында, жарық сөнді, жел қоршауларды құлатты Шуда теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз басып кетті Елордада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді Қазақстанда мұнай өндіру КҚК тоқтауынан 21,3%-ға төмендеді «500 мың беремін»: Ерке Есмахан оқырмандарын қызықтырып қойды Жолдағы апатқа кім жауапты: Алматы облысы Елтай округіндегі ойлы-шұңқыр халықтың өміріне қауіп төндіруде

    ХІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі жұмысын бастады

    ХІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебінің алғашқы күні басталып кетті.

    Алматы облысы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, Белбұлақ шатқалы, «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде, Дүниежүзілік радио күніне арналған «Радиохабар таратудағы жасанды интеллект: жаңа форматтары мен практикасы» тақырыбы аясында шеберлік сағаттар өтті. 2014 жылдан бастау алған қысқы мектеп — білімді  студенттер мен тәжірибелі журналистер арасындағы Медиа-диалог алаңы. Оффлайн режимдегі қысқы мектеп жұмысына Қазақстан өңірлерінен сонымен қатар, Эпиофия,Бангладеш, Ауғанстан, Қытайдан келген студенттер, оқытушылар мен журналистер қатысып, еркін ой алмасып, тәжірибе жинады.

    XI -ші қысқы мектептің алғы сөзін айтып, сөз бастаған Журналистика факультетінің деканы Көпбаев Темірғали Мұратбекұлы болды.

    Осы легпен, Властимил Самек (БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі), Сұлтанбаева Гүлмира ( Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі) құттықтау сөзін жалғастырушылар қатарынан болды.

    3 сағатқа созылған шеберлік сағаттары студенттер мен журналистердің білімін тағы шыңдай түскендей.

    Заманына қарай адамы. ChatCPT көмегімен «мәдени капитал» жинау жолдарын Қазтай Дастан (Ыстамбұл университетінің түлегі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы) жиналған аудитроияға өте түсінікті етіп жеткізіп берді. Онымен қоса Әбдіхалық Олжас (Әлеуметтік ғылымдар магистрі, әл-Фараби университеті PhD докторанты,Data-журналист) Қазақстандық журналистикадағы Big- Data-ның қолдану практикасын түсіндіріп берді.

    Қысқы мектептің алғашқы күні поэзия кешімен аяқталды.Шығармашылық кеште ақын: Темірғали Көпбаев, Ермахан Шайхы, Асқар Дүйсенбі, Әлібек Шегебай, Бекжан Әшірбаев, Бауыржан Әліқожа, Өміртай Еділханұлы өз өлеңдеріне бір шолу жасап қайтты. #worldradioday

     

    Аяулы Мейрамқызы

    Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының 2-курс студенті

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →