Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек «Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаева ота жасатуға мәжбүр екенін айтты (ВИДЕО) БҰҰ АҚШ президенті Трамптың 20% алым шешімін айыптады Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек «Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаева ота жасатуға мәжбүр екенін айтты (ВИДЕО) БҰҰ АҚШ президенті Трамптың 20% алым шешімін айыптады Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты

Алматыдағы жоғарғы оқу орны «пәк» қыздардың тізімін жариялап жіберген

Фото: Pixabay

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттердің жеке мәліметтерінің таралып кетуі оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Бұған дейін WhatsApp мессенджеріндегі 190 адам бар топқа жоғарғы оқу орнында оқитын студент қыздардың тізімі көрсетілген төрт құжат жіберілгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған еді. Онда флюорографиядан өтуі керек студенттер белгіленген. Кестеде қыздардың ЖСН, телефоны және гинекологиялық сипаттағы деректері көрсетілген.

«Жеке деректерді, оның ішінде медициналық сипаттағы мәліметтерді заңсыз тарату – заң бұзу әрекеті саналады. Осы оқиғада заң бұзу дерегі бар екенін ескере отырып, оны бақылауға алдық. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады. Аталған оқиға – әкімшілік құқық бұзу дерегі. Бұл ретте, жеке мәліметтерге немқұрайлы қарау жағдайы болуы мүмкін. Сондықтан осы мәселені қатаң реттеу керек», – деді министр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →