Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елордада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді Қазақстанда мұнай өндіру КҚК тоқтауынан 21,3%-ға төмендеді «500 мың беремін»: Ерке Есмахан оқырмандарын қызықтырып қойды Жолдағы апатқа кім жауапты: Алматы облысы Елтай округіндегі ойлы-шұңқыр халықтың өміріне қауіп төндіруде Қарағандыда тұрғындардың қарсылығына қарамастан ескі үйдің бірінші қабатынан кафе ашылмақ Алматы тұрғыны телефонынын қуаттағышта қалдырамын деп опық жеді Елордада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді Қазақстанда мұнай өндіру КҚК тоқтауынан 21,3%-ға төмендеді «500 мың беремін»: Ерке Есмахан оқырмандарын қызықтырып қойды Жолдағы апатқа кім жауапты: Алматы облысы Елтай округіндегі ойлы-шұңқыр халықтың өміріне қауіп төндіруде Қарағандыда тұрғындардың қарсылығына қарамастан ескі үйдің бірінші қабатынан кафе ашылмақ Алматы тұрғыны телефонынын қуаттағышта қалдырамын деп опық жеді

    «ЕЛТАҢБАДАҒЫ МҮЙІЗДІ ТҰЛПАР БІЗДІҢ ҰҒЫМҒА ЖАТ ЭЛЕМЕНТ»: Марат Әбсеметов — тарих ғылымдарының докторы

     

    Қоғамда Мемлекеттік рәміздерді өзгерту, қайтадан қарастыру мәселесі туындап жатыр екен. Өткенде жүргізілген сауалнамадан кейін ондай сұрақтар көтеріліп, түрлі ұсыныстар айтылуы заңды нәрсе. Менің де көптеп көкейімде жүрген бір түйткілді сауалдар бар. Ол Елтаңбадағы бейнелерге, атап айтқанда бір элементке байланысты.

    Елтаңбадағы атрибуттарға келсек, ондағы атрибуттардың бірі біздің ұлтымыздың ұғымына аса келмейтін тұлпардың мүйізі. Мұндай элементтер Шотландияның Елтаңбасында тұр. Ұлыбритания, Францияда және Ресей императорларының нышандарында осындай элемент кездеседі. Бұл мүйізтұмсық элементі деп аталады.

    Біздің қазақтың көне жырларын, қиссаларын қарасаңыз біздің тұлпарларда мүйіз кездеспейді. Осы белгіні бізде кейбір тарихшылар біресе Сақтарға, біресе ғұндарға теліп жүр. Ол біздің ұғымға, ұлтымыздың дүниетанымына, табиғатына келмейді. «Гүннен туған, күннен туған» деп Мағжан айтқандай ол ғұндарданда алыс, жат ұғым. Осы бір элемент үлкен сұрақ туғызады.

    Егер қоғам болып, Елтаңба атрибуттарын қайта қараймыз десек, осы мәселені де ұмытпауымыз керек. Түрлі саланың мамандары, сарапшылар өз ойларын, ұсыныстарын жеткізеді деп ойлаймын. Менің айтар пікірім, қосар ойым осы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →