Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • Асыл Айтакын әлем чемпионатында бесінші орынмен қалды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды •

    Тұрсынхан Зәкен: Біздің жастар ұлттық тарихымызды бағаламайды

    Фото: видеодан кадр

    Қазіргі таңда елімізде дін мәселесі өзекті болып, жиі талқыға түсетін тақырыптар қатарында. QASQA JOL YouTube каналының эфирінде жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкен қазақ даласындағы дін тарихы туралы ойын бөлісіп, дін мен тарихтың байланысын тарқатып баяндады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Тарихшы өз жазбасында «Ұйғыр сегіз ғасыр бойы мемлекет емес, дінін сақтаумен келеді. Халқы ең биік құндылық таныса, мемлекеттіліктен айырылады. Бізде де қыран қонған Көктудың түбіне жиналған қазақтан гөрі, «Құран» тұрған көк мешітке жиналған жастарымыздың неше есе көп болуы — бүгінгі біздің мемлекетіміз үшін аса қауіпті құбылыс» деген екен.

    «Діни идеология мен ұлттық идеология, мемлекетшілдік қатар жүрген дұрыс. Тепе-тең болуы керек. Егер  мемлекетшілдігіміз мығым болса, ұлттық идеологиямыз күшті болса оған біздің имандылығымыз қосылса, онда біз алға қарай дамимыз», — дейді тарихшы.

    Оның айтуынша, қазіргі кезде жастар өзінің тарихына, ұлттық дәстүріне деген көзқарасы салқындау.

    «Біздің тарихымыз екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталған, ол тарихи деректермен дәлелденген. Осы төл ұлттық тарихымызды біздің жастар бағаламайды. Керісінше, исламдық құндылықтарға мән береді. Мен исламдық құндылықты жоққа шығармаймын. Ол керек. Ол арбаның қос дөңгелегі сияқты ғой. Тасқа жазылған жазбалар бар ғой. Ол Орхон ескерткіштері, Күлтегін жазуы, Білге қаған жазуы, Тоныкөктің жазуы, осылардың барлығында мемлекеттілік туралы сөз болады. Біздің сол Орхон даласынан осылай келгеніміз тарихи шындық қой»,- деді Тұрсынхан Зәкен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →