Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде 35 жастағы әйелді атыраулық танысы пышақтап кетті • Қостанайда жол жиегінен әйелдің мүрдесі табылды • Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды • Ақтөбеде 35 жастағы әйелді атыраулық танысы пышақтап кетті • Қостанайда жол жиегінен әйелдің мүрдесі табылды • Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті • Айман Талғатқызы күйеуін сынаушыларға жауап берді • Қазақстанда мүше трансплантациясына сұраныс артып, посмерттік донорлық дамымай тұр • Шымкентте 12 миллион теңгеге Корея визасын рәсімдеу айыптауы бойынша әйел ақталды •

    Елімізде мәйіт доноры болу міндеттеле ме

    Фото: Pixabay
    Елімізде 4 мыңға жуық адам әлі күнге ағза ауыстыруға мұқтаж. Ал донор мәселесі тиісті деңгейге жетпей жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осылай деп мәлімдеді. Ол қызметіне кірісе салысымен бірінші кезекте трансплантология мәселесіне назар аударатынын айтты.

    Бұл проблеманы Сенат мінберінде бұған дейін де бірнеше мәрте көтергенін айтады, деп жазады qazaqstan.tv.

    Сонымен қатар медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейтуді қолға алмақ. Бұл бағыт неғұрлым күшті болса, аурушаңдық пен өлім-жітім азаяды, — дейді министр.

    «Мәйіттік донорлық қарастырылған Қазақстанда. Заң қабылдағанда халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған жүйе. Бұл жүйені дұрыс жолға қою үшін қайта тарифтерді көтеруіміз керек. Бірнеше сатыдан тұратын жұмыс болады деп ойлаймын. Бұл жерде халықтың келісімін алмай, ол үшін халық та, қоғам да оған дайын болуы керек», — деп мәлімдеді Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →