Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 27 қараша 2026 $ 458,3↓€ 503,1↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? • Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Қазақстанға оралды • Кино арқылы қарым-қатынастағы қызыл жалаушаларды тану • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? • Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Қазақстанға оралды • Кино арқылы қарым-қатынастағы қызыл жалаушаларды тану •

    Қазақ ауыр атлеті Азия біріншілігінде күміс медаль жеңіп алды

    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық атлет Александр Уваров ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ол жұлқа көтеруде 153 келіні бағындырса, серпе көтеруде 166 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 343 келі көрсеткішпен 2-орынды иеленді.

    Естеріңізде болса, Александр Уваров Ханчжоу-2022 Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын. Міне, бүгін Азия чемпионатында тағы да жүлделі орындардан өзін көрсете білді.

    Бүгін сондай-ақ аталған салмақ санатында тағы бір ауыр атлетіміз Әлібек Рақымберді де сынға түскен болатын. Ол Сарықұрлық додасын 7-орынмен аяқтады. Осы салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атағын солтүстік кореялық Ри Чонг Сонг 369 келіні (169+200) бағындырса, қола жүлдеге түркіменстандық Гайгісіз Тураев қол жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →