Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті

Семейдегі базар өрті: Зардап шеккен тұрғындарға көмек беріле ме?

Фото: inbusiness.kz

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Семей базарында өрттен зардап шеккен тұрғындардың мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тілшілер спикерден «Семейде Ақшын базары өртке оранды. Мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. Тұрғындар базар иелерінің шығынды өтеуге ниетті емес екенін айтып шағымданып жатыр. Үкімет резервінен семейліктерге қандай да бір көмек беріле ме?» деп сұрады.

«Біріншіден, қазір өрттің шығу себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия жұмыс істеп отыр. Содан кейін ғана тиісті мәселе комиссияның өзінде қаралатын болады. Облыстық әкімдіктің дерегінше, (базар) иелері бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Бірақ бүгін өрттің себебі мен сонда жұмыс істеген әр адамға келтірілген залалдың мөлшерін анықтап алу керек. Комиссияның шешімінен кейін қарастырылатын болады», — деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

Журналистер «Үкімет резервіне көмек беру мәселесі қарастырылған ба?» деп нақтылады.

«Ол туралы әлі айта алмаймын. Өрттің себебі мен шығын мөлшерін анықтап алайық», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Осы тұста Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «қолданыстағы заңнама бойынша ондай шара қарастырылмағанын» айтты.

«Қазір өрттің өзі толық сөндіріліп біткен жоқ. Тамара Босымбекқызы айтқандай, өрттен келген залал мөлшері анықталып жатыр. Содан кейін арнайы комиссия базар иесі көмектесіндей барлық шара қабылдайтын болады. Ешкім адамдарды көмексіз қалдырмайды. Бірақ әлі бірдеңе деп кесіп айту ертерек», — деп жауап берді Роман Скляр.

Жұмыссыз қалған адамдарға қандай көмек берілетіні белгілі болды.

«Тұрғындарға жұмыс орындары ұсынылады. Яғни егер басқа қоймаларда олардың тауарлары болса, оны нарықта сатуға мүмкіндік алады. Егер де олардың ешқандай мүмкіндігі болмаса, онда заңнамаға сәйкес оларға жұмыссыз ретінде 6 айға дейін жәрдемақы берілуі мүмкін. Бәлкім, жастарға 2,5 пайыздық микронесие беру мүмкіндігі де қарастырылады. (…) Қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақты ақпарат белгілі болғанда сіздерге хабарлайтын боламыз», — деді Тамара Дүйсенова.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →