Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбеде рейстер кейінге шегерілді

    Фото: akorda.kz

    Ақтөбеде боранға байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 10 рейс ұшып-қонуы тиіс болатын. Алайда ауа райына байланысты бәрі уақытша тоқтап тұр.

    «Қазіргі кезде 4 рейс тоқтап тұр. Олар: FlyArystan әуе компаниясының Алматы – Ақтөбе – Алматы, Qazaq Air компаниясының Астана – Ақтөбе – Атырау, SCAT компаниясының Астана – Ақтөбе – Астана, Qazaq Air компаниясының Атырау – Ақтобе – Астана рейстері. Тоқтау себебі – метеожағдайға байланысты», — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →