Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бубнов Венесуэланы Өзбекстаннан жоғары бағалады • Қуат Хамитов ұлттық құрама бапкерлерін әзілмен түйреді • Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде • Британ империясының марапатын алған қазақстандықтар • Путин мен Трамп Аляска саммитінен кейін алғаш рет қол алысты • Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді • Бубнов Венесуэланы Өзбекстаннан жоғары бағалады • Қуат Хамитов ұлттық құрама бапкерлерін әзілмен түйреді • Парижде «Счет 40:0» спорттық драмасының премьерасы өтті: Ромео Бэкхэм басты рөлде • Британ империясының марапатын алған қазақстандықтар • Путин мен Трамп Аляска саммитінен кейін алғаш рет қол алысты • Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді •

    Қазақ әскері Ресеймен шекарада оқу-жаттығу өткізіп жатыр

    Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледіҚостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы Qazaq.today ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, аумақтық қорғаныстың уәкілетті органдары мен бөлімшелерінің жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін тексеру міндеттері жүктеледі.

    «Бұл оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды. Оларға жауынгерлік оқудың негізгі пәндері бойынша сабақ өткізіледі.

    Екі кезеңде өтетін оқу-жаттығудың белсенді фазасы 21 қыркүйекте басталады. Мемлекеттік органдар мен күштік ведомстволардың өкілдері бес күн бойы «Бекет-2022» оқу-жаттығуының бекітілген жоспары бойынша дағдарыстық жағдайды еңсерудің және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайтын болады», — делінген хабарламада.

    Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі. Ол жайлы жергілікті тұрғындарға қосымша хабарланатын болады.

    Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин бүгін ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Ол  бүгіннен басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →