Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды •

    Оңғар Қабден. Елтаңбамызды танимыз ба?

    Мемлекеттің мемлекет екенін айқындайтын белгілері ол Туы, Елтаңбасы және Әнұраны. Біз осы рәміздеріміздің авторлары демей-ақ қояйын, Елтаңбамыздыа танимыз ба?

    Бұлай деуімнің себебі, «Жаңа Адамдар» деген жастар қозғалысы Алматы мен Астанада Қазақстан Республикасының Елтаңбасының 6 түрін көрсетіп, қазіргісі қайсы деген сауалнама жүргізіпті. Сауалнамаға 500-ден аса адам қатысқан. Қорытындысын естіп отырған орындығымнан құладым. Халықтың 30% ғана дұрыс тапқан! Жетпіс пайызы таба алмаған!

    Отанды сүю кішкентай ғана нәрседен басталады! «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» дейді қазақ! Балабақша мен мектептерде идеологиялық тәрбиені күшейту қажет! Мектептерде ашық сабақтар өткізіп, әрбір детальін талдамасақ та көргенде ұялмай көрсететіндей болайық та.

    Бағанағы 70% деген шынымен шошытты. Біз ұлт ретінде жойылып кете жаздап Тәуелсіздікке әрең қол жеткізген халықпыз. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман сау өткен ұлттың ұрпақтары мемлекеттік рәміздерді танымау бұл Ұят! Бұл үшін мемлекет қана емес, қоғам болып жұмыс істейік! Мектепке ғана сене бермей үйде де балаларға рәміздеріміздің тарихын айтып, насихаттай берейік!

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →