Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Құтқарушылар тапқан автобустың дөңгелегіне қатысты жаңа дерек белгілі болды

    Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

    Майқайыңда шұңқырдан табылған автобустың дөңгелегіне қатысты жаңа дерек шықты.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дөңгелек үйінді астынан шығарылғанын мәлімдеді

    Өкінішке қарай, ол автобустың қосалқы дөңгелегі болып шықты. Ол биіктен құлаған кезде қосалқы дөңгелегі басқа да бөлшектерімен бірге шашылып кеткен. Сонымен қатар бұған дейін табылған ауа толтырылған баллонның сыртқы қабы және тағы басқа металл сынықтары табылды.

    «Қосалқы дөңгелек жақпар тастарға қысылып қалған. Алғашында ол автобустың негізгі дөңгелегі болар деп топшыланған. Алайда жеке жатқан қосалқы дөңгелек екен», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

    Бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сағат бұрын Майқайың шахтасында шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегі табылғанын жазған еді.

    Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырға 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткен еді. Опырылған жердің ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр.

    Арнайы комиссия апатқа кінәлі 7 адамды анықтады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →