Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды •

    Мемлекет басшысы белгілі экономист Оразалы Сәбденді қабылдады

    [Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденмен кездесті.

    Кездесуде еліміздің экономикалық даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Бұл орайда ел экономикасын әртараптандыру, өндірістік әлеуетті арттыру, шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Көзделген мақсаттарға жету үшін аталған салаларды цифрландыру айрықша маңызды.

    Сонымен қатар әлеуметтік инновация арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жолдары қарастырылды.

    Президент былтыр Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын атап өтіп, мемлекеттің аталған салаларға баса мән беретінін айтты.

    Мемлекет басшысы Ғылым академиясының жай-күйін әрдайым жіті назарында ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ білімді, әлемдік үрдісті жетік білетін жастарға қолдау көрсетіле беретініне назар аударды.

    Өз кезегінде Оразалы Сәбден ғылым саласын дамытуға қатысты өз ұсыныстарын айтты.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →