Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес • Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңінде екі финалға шықты • Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар • Үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел қайтадан ана атанды • Харитонов ажырасу себептерін ашып айтты • Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес • Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңінде екі финалға шықты • Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар • Үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел қайтадан ана атанды • Харитонов ажырасу себептерін ашып айтты •

    Министр елімізде Ресей университеттерінің филиалдары ашылатынын айтты

    Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ресей университеттерінің филиалдары ашылып жатқанын айтты деп хабарлайды qazaq.today Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

    Бұл туралы  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлім етті.

    Әлемдік білім беру стандарттары мен озық практиканы білім беру процесіне енгізу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. 2021 жылы De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды. Петропавл қаласында University of Arizona филиалы ашылады. ЖОО-мен ынтымақтастық шеңберінде қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады, – деді Саясат Нұрбек.

    Министр университеттердің филиалдары жұмыс істеуі үшін Үкімет қаулы қабылдағанын атап өтті.

    С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында М. Губкин атындағы РМУ филиалы ашылады. Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылады. Сондай-ақ 2023 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Michigan State University ашу жоспарлануда. Филиалдардың жұмыс істеуі үшін Үкімет қаулылары қабылданды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген, – деді министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →