Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бектенов Абай облысындағы жылыту маусымына дайындықты сынға алды: әкім орынбасары жауапқа тартылмақ • Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Бектенов Абай облысындағы жылыту маусымына дайындықты сынға алды: әкім орынбасары жауапқа тартылмақ • Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды •

     «Құқықтық тәртіп»: Алматыда іздеуде жүрген 38 қылмыскер ұсталды

    Алматыда  іздеуде жүрген 38 қылмыскер құрықталды. Олардың барлығы “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында анықталып, қолға түскен, деп  хабарлайды  Qazaq.today агенттігі.

    Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының 10 күнінде “ізін суытпай” 316 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 144 қылмыстың беті ашылды.

    «Іс-шара кезеңінде құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейтуге, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, бұзақылық, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесуге баса назар аударылды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

    Іс-шара басталғалы полиция бөлімшелері заңсыз айналымнан 10 атыс қаруы мен 4 суық қаруды тәркіледі. 14716 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, оның 210-ы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласына қатысты болған.

    «Сондай-ақ 2 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау, 500-ден астам тыныштықты бұзу, 1,5 мыңнан астам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 900-ге жуық қоғамдық орындарда темекі шегу деректерінің жолы кесілді», — деді Дуанбеков. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →