Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады • Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады • Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі •

    Республикалық олимпиададан үздік шыққан бастауыш сынып оқушысы 500 мың теңгені жеңіп алды

    Алматыда математика бойынша бастауыш және орта сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Ал өз қатарынан оза шапқан бастауыш сынып оқушысы жарты миллион теңгені иеленді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Байқауды математика үйрететін онлайн-платформа ұйымдастырған. Алғаш рет өткен білім додасының басты мақсаты – орта білім беретін мектеп оқушыларын ынталандырып, математикалық білімін жетілдіру. Жазда басталған жарысқа елдің түкпір-түкпірінен 30 мыңнан астам оқушы қатысып, жүзден жүйрік шыққандар күні кеше анықталды.

    «1-орынға – 500 мың, 2-орынға – 200 мың, 3-орынға 100 мың теңге сыйақы беріледі. Сондай-ақ 100 шақты балаға 1 жыл тегін оқуға грант беріп жатырмыз. Бұл балалар күрделі, логикалық және олимпиадалық есептерді шығаруға үйретеді», – деді онлайн-платформаның негізін қалаушы Асқар Болат.

    Үздіктерді анықтап, марапаттауға арналған шарада белгілі математик Асқар Жұмаділдаевтің басшылығымен жарық көрген «Әл-Жәбірдің атасы» атты жаңа журналдың тұсаукесері өтті. Алғашқы саны 2 мың данамен жарық көрген басылымның шығуына Ұлттық ғылым академиясы қолдау білдіріп, онлайн-платформа қаржыландырған.

    «Менің мақсатым – жастарды ғылымға баулу, шақыру, үйрету. Журналда бірнеше айдар қарастырылған. Солардың бірі – Әл-Жәбірдің терминкубы.Онда терминология жайлы жазылған. Сонымен қатар қазақ қоғамына, ғылымға қатысты үлкен мәселер көтеріледі, ең алыдмен ғылымға қатысты. Сонымен қатар публистикаға қатысты да тың жаңалықтар жазылады», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →