Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    Елорданың атауы өзгере ме: Алтай Көлгінов жауап берді

    Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордаға бұрынғы атауы қайтарыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды qazaq.today KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

    Брифинг барысында БАҚ өкілдері бұл мәселе көптеген қазақстандықты толғандыратынын және кейбір ел тұрғыны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция дайындағын атап өтті. Осыған байланысты журналистер елорда әкімінен «қаланың бұрынғы атауы қайтарыла ала ма?» деп сұрады. «Тарихи шешім қабылданды. Қаланың ресми атауы – Нұр-Сұлтан. Біз осы қалада тұрамыз және жұмыс істейміз», – деп жауап берді Алтай Көлгінов. Сонымен қатар ол үнемі атауы ауысып тұратындардың жақтаушысы емес екенін айтты. «Мен бәрінің атауын өзгертуді жақтамаймын, шешім қабылданды. Ал қабылданған шешімдерге баға бермеймін», — деді елорда әкімі. Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан «Астана» деп өзгертіле ме деген сауал қойылды. Ол «әзірге бұған ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын» деп жауап берген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →