Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

    Пашинян кортежінің жүргізушісі жүкті әйелді қағып өлтірді

    Қайғылы оқиға 26 сәуір күні Армения астанасының орталығында болған

    Ереванда жүйткіп келе жатқан Toyota Prado жол полициясының көлігі 29 жастағы жүкті әйелді қағып өлтірген күйі тоқтамастан кетіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Қайғылы оқиға 26 сәуір күні кешкі уақытта Армения астанасының орталығындағы Паронян – Лео көшелерінің қиылысында болған.

    Армениялық БАҚ мәліметінше, жүргізуші – жол полициясы офицерлік взводының командирі Арам Навасардян. Ресми хабарламада көліктің нақты кімге ілесіп бара жатқаны айтылмаған, алайда бұған дейін БАҚ-та әйелді премьер-министр кортежінің көлігі қағып кеткені туралы ақпарат пайда болған.

    Белгілі болғандай, әйел ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеген және Wings IT жобасын басқарған. Келіншек бір жыл бұрын тұрмысқа шыққан, тұңғышын жазда босануы керек еді.

    Желіде Армения премьер-министрі Никол Пашинян кортежі себеп болған қайғылы оқиғаның видеосы пайда болды.

    Кадрда әйелді жол талғамайтын көлік қағып кеткенін, бірнеше секундтан кейін тағы сегіз көліктің өтіп кеткенін, бірақ олардың ешқайсы тоқтамағанын көруге болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →